Бұл мақсатқа 393 миллион теңге қаражат бөлініпті. Алтай аудандық ауруханасының бас дәрігері Владимир Коробкиннің айтуынша, ескі ғимараттың тек қабырғасы ғана қалып, қалған бөлігі толық жаңартылады. Жөндеу жұмыстарын 5 ай көлемінде аяқтау жоспарлануда.
Ғимараттың жобалық-сметалық құжаттарын жасау кезінде жергілікті дәрігерлердің өтініш-тілектері ескеріліп, бұрынғы бір бөлмелі палаталарды қалдырып, заманауи себезгі бөлмесін ашу көзделіп отыр. Сонымен қатар перзентханаға мүмкіндігі шектеулі жандардың ғимаратқа емін-еркін кіріп-шығуына ғана емес, нәрестелерді бір блоктан екінші блокқа тасымалдауға мүмкіндік беретін пандустар орнатылмақ.
Азамат ҚАСЫМ,
«Egemen Qazaqstan»
Шығыс Қазақстан облысы,
Алтай ауданы