Аймақтар • 30 Қаңтар, 2019

«Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы» электр және жылу энергиясымен қамту барысын қорытындылады

1190 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматыда өткен баспасөз мәжілісінде «Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы» АҚ акционері және Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Клебанов Мемлекет басшысы ел дамуының басым міндеттерінің бірі ретінде республикада энергетикалық инфрақұрылымды дамытуды белгілегендігіне тоқталып,  бұл ретте ол ТКШ-н жаңғырту саласына инвесторлар тарту қажеттігін атап өтті.

«Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы» электр және жылу энергиясымен қамту барысын қорытындылады

Президент тапсырмасы аясында 2009 жылы Үкімет «тарифті инвестицияға айырбастау» шекті тарифтер бағдарламасын қабылдап, бұл Қазақстанның электр энергетикасы саласының инвестициялық тартымдылығын көтерді. Дәл осы кезеңде ЕҚДБ энергия өндіретін активтерді жаңғырту үшін «ОАЭК» капиталына кіру туралы шешім қабылдады. Банктің жоғары стандарттары қызметке оң ықпал етуі нәтижесінде  бұл тәжірибе алдағы уақытта қолданысқа енетін болады.  

Осы басқосу аясында «Орталық-Азия отын-энергетикалық компаниясы» АҚ («ОАОЭК») акционерлері Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) мен Ислам инфрақұрылым қорымен (ИИҚ) жасалған бірнеше келісім нәтижесінде өзінің еншілес компаниясы – «Орталық Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ-дағы үлесінің 59,65%-дан 92,75%-ға дейін артқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, «ОАОЭК» АҚ-ның 2018 жылы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру және қаржылық міндеттемелерді орындау бойынша атқарған жұмыстары қорытындыланды. 

«ОАОЭК» АҚ акционері, «ОАЭК» АҚ президенті Сергей Кан атап өткендей, халықаралық институтпен серіктес болудың арқасында «ОАЭК» еншілес компаниялары Павлодар және Петропавл қалаларында электр және жылу энергиясы өндірісі бойынша жаңғыртылған активтер үлесін 64,5%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берген ауқымды инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырып, «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Павлодар, Петропавл, Екібастұз қалаларында жылу желілерін жаңартуға мүмкіндік алған.

«ОАОЭК» АҚ Павлодар облысы әкімдігімен жасалған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру туралы меморандум аясындағы міндеттемелері аясында өткен жылы Павлодардың Усолка шағын ауданында жүзу бассейні ашылып, сыртқы инженерлік желілері, сондай-ақ, жылумен қамту желілерін «ОАЭК» АҚ еншілес компаниясы – «ПавлодарЭнерго» АҚ жүргізді. Жобаны жүзеге асыруға бөлінген қаражаттың жалпы сомасы – 814 млн 839 мың теңге. Меморандумды жүзеге асыру аясында «ОАОЭК» АҚ Павлодарда 2017 жылы Павлодар монтаждау колледжінің студенттеріне арналған 200 орындық жатақхана салса, 2019 жылы «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» компаниялар тобының қызметкерлеріне арналған көпқабатты тұрғын үй құрылысы аяқталмақ. Әлеуметтік жобалар, сондай-ақ, Петропавл қаласында да жүзеге асырылуда.

«ОАОЭК» АҚ акционерлері «ОАЭК» АҚ еншілес компанияларының тұрығындарды электр және жылу энергиясымен үздіксіз қамту және Қазақстан өңірлерін дамыту міндетін орындауы үшін инвестициялық және әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру тұрғысындағы қызметіне жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Еqemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ