«Серік Сәпиев Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бұйрығымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Құтты болсын!» делінген баспасөз хатшысының жазбасында.
Естеріңізге салсақ, бүгін Серік Сәпиев депутаттықтан кету туралы өтініш білдірген болатын. Парламент Мәжілісі оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.