Спорт • 30 Қаңтар, 2019

Таэквондошылар Fujairah Open турниріне қатысады

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның таэкондошылары бұл күндері Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Бұл жиынға ұлттық құрама командамыздың мүшелерімен қатар, Ақтөбе, Маңғыстау және Павлодар облысынан келген спортшылар да қатысуда.

Таэквондошылар Fujairah Open турниріне қатысады

Батырбек Есдәулетов жетекшілік ететін Қазақстанның таэквондошыларын үстіміздегі жылы бірқатар маңызды жарыстар күтіп тұр. Олардың біразы Олимпия ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін рейтингтік турнирлер. Ұлттық құраманың бас бапкердің айтуынша, қазіргі кезде 26 спортшымыз айтулы додаларға қызу даярлануда.

Биылғы жылғы алғашқы рейтингтік турнир 1-3 ақпан аралығында Біріккен Араб әмірлігінінде (БАӘ) өтеді. Fujairah Open додасында Руслан Жапаров, Қайрат Сарымсақов, Айнұр Есбергенова, Фариза Алдоңғарова, Жансел Дениз, Елдос Ыскақ, Елдар Бірімбай, Нұрлан Мырзабаев, Рақым Әділханов, Азамат Теңізбаев, Мереке Жүнісова, Смайыл Дүйсебай және Айтуар Шәйкенов сынды шеберлер Қазақ елі намысын қорғайды.   

Содан кейін жерлестеріміз Мысыр елінде өтетін халықаралық турнирде күш сынасуды жоспарлап отыр.

 

  Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»