Спорт • 30 Қаңтар, 2019

Тұғырдан секіру үздігі Сергей Ткаченко елге оралды

514 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Финляндияның Лахти қаласында өткен шаңғы жарысынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына бір қола медаль түскен болатын. Тұғырдан секіру спортынан Сергей Ткаченко үздік үштікке енгенін қуана хабарлағанбыз. Кеше спортшылар елге ұшып келді деп жазады Olympic.kz. 

Тұғырдан секіру үздігі Сергей Ткаченко елге оралды

Елімізге тарихи жүлде сыйлап, тұғырдан секіруден қола медаль иеленген Сергей Ткаченко өзіне жанкүйер болған барша халыққа алғысын жаудырды. 

Сергейден бөлек, әлем чемпионатындағы жоғарғы нәтижені Валерия Тюленова тіркеген болатын. 

Ол 10 шақырымдық жарыста мәреге бесінші болып келді.