«Мен «кімде баспана жоқ, соған бер» десем, әкімдер «баспана жағдайын жақсартқысы келгендерге берейік» дейді. Әрине, оларға беруге болады. Алайда олардың саны артып кетеді. Одан да баспанасы жоқтарға берейік. Үйі барлар оны арзан бағамен алады да, жалға беріп қойып ақша табады. Ал біз бүгінде баспанасы жоқтарды қамтамасыз етуіміз қажет. Ал олар, ең алдымен, жас отбасылар. Сондықтан халықаралық алдыңғы қатарлы тәжірибелерді ескере отырып, халықтың барынша мол санатына қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй бағдарламаларымызды қайтадан бір талдауды тапсырамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ Елбасы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмысшы жастарға арналған 1 мың пәтер салынатындығын айтты.