Сонымен қатар, партия Тараз қалалық филиалының кезектен тыс конференциясына делегаттар сайланды. Жиналыс жұмысына бастауыш партия ұйымының төрағасы, бастауыш ұйымның Бюро мүшелері және партиялық топтардың мүшелері қатысты.
Қазіргі таңда «Арайстроймаркет-2003» бастауыш партия ұйымында 496 партия мүшесі бар. Осы орайда БПҰ төрағасының орынбасары Минура Божымбаева партия құрылған 20 жыл ішінде еліміздің экономикасы мен әлеуметтік дамуы жолында үлкен жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Сондай-ақ, жиында «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы «Арайстроймаркет-2003» ЖШС бастауыш партия ұйымының Бюро мүшесі Бақыт Сапаралиева партияның 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелері туралы баяндады.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – партия Тараз қалалық филиалының кезектен тыс конференциясына сайланатын делегаттардың құрамы бойынша Айнұр Жаманқұлова ұсыныс жасады. Партия Тараз қалалық филиалы Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен бекітілген өкілдік норма бойынша 76 партия мүшесінен 1 делегат сайланады. Сол себепті, 496 партия мүшесі бар бастауыш партия ұйымынан 6 делегат ұсынылып, тізім партия мүшелерінің қолдауымен бекітілді.
Хамит ЕСАМАН,
«Egemen Qazaqstan»
Жамбыл облысы