Қазақстан • 30 Қаңтар, 2019

Алдағы күндері Қазақстанның бірқатар облысында қатты аяз күтіледі

936 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1, 2 ақпан күндері Қазақстанның бірқатар облысында қатты аяз күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Алдағы күндері Қазақстанның бірқатар облысында қатты аяз күтіледі

«1, 2 ақпанда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде ауа температурасы минус 27-32, кей жерлерде 35-40 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. 2 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында түнде ауа температурасы минус 28-33, кей жерлерде 37-42 градусқа дейін төмендеуі күтіледі», - делінген хабарламада. 

31 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады, солтүстік-шығыстан ескен желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

«1 қаңтарда Астана қаласында таңертең және күндіз жаяу бұрқасын күтіледі, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90%», - деп ескертті синоптиктер.