Сейсенбіде Астанаға 828 тонна «Шұбаркөл» маркалы көмір жеткізілді. Ал көмірдің бағасы төмендегідей:
«Шұбаркөл» тоннасы – 11300 теңге,
«Қаражыра» тоннасы – 13 200 теңге,
«Майкөбе» тоннасы – 12 000 теңге.
Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы баға өсімінің алдын алу үшін көмір сатушылармен меморандумдарға қол қойды. Бүгінгі таңда көмір нарығындағы жағдай қалыпты, проблемалық мәселелер жоқ. Астана қаласы әкімдігі көмір нарығындағы жағдайды күн сайын мониторингтен өткізіп, өзінің тұрақты бақылауына алған. «I-Kөмек 109» негізінде тұрғындарға арналған жедел желі құрылды.