06 Желтоқсан, 2012

«Саған келдім атажұрт…»

524 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Саған келдім атажұрт…»

Бейсенбі, 6 желтоқсан 2012 7:23 

Биыл Алатау баурайында дема­лу­дың сәті түскен еді. Жақсы демалдық, жаңа достар таптық. Жүректері лү­піл­деп, арман қанатына ілесіп, ата­жұртқа табан тіреген Жылқыбаевтар отбасымен де осы сапарымызда та­ныстық. Бұл от­ба­сын Қытай Халық Республикасынан ата­мекенге деген сағыныш жетелеп кел­ген екен. Ерлі-зайыпты Қалмиет пен Бахардың Қа­зақ­станға қоныс аудар­ғандарына бес жылдың жүзі болыпты. Отағасы Қал­миет кәсіпкерлік салада қызмет етсе, зайыбы Бахар – Алматы қаласындағы ауруханада беделді дә­рі­гер, өз ісінің білгір маманы.

Бейсенбі, 6 желтоқсан 2012 7:23 

Биыл Алатау баурайында дема­лу­дың сәті түскен еді. Жақсы демалдық, жаңа достар таптық. Жүректері лү­піл­деп, арман қанатына ілесіп, ата­жұртқа табан тіреген Жылқыбаевтар отбасымен де осы сапарымызда та­ныстық. Бұл от­ба­сын Қытай Халық Республикасынан ата­мекенге деген сағыныш жетелеп кел­ген екен. Ерлі-зайыпты Қалмиет пен Бахардың Қа­зақ­станға қоныс аудар­ғандарына бес жылдың жүзі болыпты. Отағасы Қал­миет кәсіпкерлік салада қызмет етсе, зайыбы Бахар – Алматы қаласындағы ауруханада беделді дә­рі­гер, өз ісінің білгір маманы. Алты жасар Арлан мен бір жасар Еларыс атты ұлдары құлын-тайдай тебісіп өсіп келеді. «Туған жерге келуіміздің басты себебі, ұлдарымның тілі қазақша шығып, ана тілін, ата-салтын, ұлттық әдет-ғұ­рып пен дәстүрлерін сақтасын, Абай мен Мұхтардың кім екенін білмей өссе, қалайша қазақ болмақ? Қазақша ойлап-жазу әрбір адамның төл міндетіне ай­налуы керек. Сөйтіп, ұрпа­ғы­мыздың бо­лашағын ойладық», деп Қалмиет ағы­нан жарылды. Отанға деген сар­қыл­мас сағыныштары мен мәңгілік ма­хаб­баттарын ұлдарының санасына сіңіріп, елге, жерге деген сүйіспеншілікке, туыс­қа деген бауыр­малдылыққа тәр­бие­леп жатқандарын көріп, шексіз риза болдық.

Қияннан оралған қандастарымыз­дың Отанға деген патриоттық сезімдері зор, ана тілін, дінін, тарихын, салт-дәстүрі мен өнерін сақтап қал­ған. Өз елінде жүріп ана тілін жат­сынып, ана тілінде сөйлеуге арла­на­тын, оның қа­дір-қасиетін білмейтін жастарымыз қан­шама?! Олар өз сөз­дерінде: «Ата-ба­бамыздың кіндік қа­ны тамған жерге келіп, туған топы­раққа табан тіреп, Тәуелсіздік туы­ның астында бейбіт те берекелі тірлік кешудің маңдайға жа­зыл­ғанына шү­кір­шілік етеміз», дейді.

Арлан секілді қаршадай баланың туған жерге деген өлеңдерін тың­да­ған­да, тұла бойың шымырлап, ерекше сезімге бөленесің. Оның әр сөзінен туған жерге деген махаббат лебі еседі.

«Саған келдім атажұрт,

Қайдан келген ұл деме.

Қаңғырып жүрген тұл деме,

Қызықпаймын үлдең менен бүл­деңе.

Саған қарай сүйрейді,

Қанымдағы бірдеңе».

немесе:

«Елімнің атын айтсам – Қазақстан!

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан!

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығым, атын айтсам – Қазақ­стан».

Міне, кішкентай Арланның жаттап өскен өлеңдері. Еріксіз ойға қал­дырып, көзіңе ыстық жас үйіріледі.

Бала – балғын тал, ересек адам бағ­бан десек, баланың туған жерге, Отанға, еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімін оятып, отаншылдыққа баулу – ата-ананың бас­ты мұраты. Осы мақсатты бұл от­басы қалтқысыз атқарып келеді. Қал­миет пен Бахар «Ел болам десең, бе­сі­гіңді түзе» деген нақылды жүрек­теріне мық­тап түйген-ау деп риза болдық.

Жүзімгүл және Гүлжүзім ІЗТІЛЕУОВАЛАР.