23 Қараша, 2012

Денсаулық саласы жаңа cапалық деңгейге көтерілуде

426 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Денсаулық саласы жаңа cапалық деңгейге көтерілуде

Жұма, 23 қараша 2012 7:05

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың халыққа Жолдауында еліміздің басты байлығы  – денсаулық саласына аса зор көңіл бөлінгені баршамызға белгілі.
Денсаулық сақтау саласына әдет­тегідей ерекше назар аударылады. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жыл са­йы­н кеңейіп келеді. Оңтүстік Қа­зақстан облысында стационарлық және стационар алмастыру көмекті қаржыландыру бюджеті жыл са­йы­н өсуде. Мәселен, 2012 жылы 22651,8 млн. теңгеге жетті. Салыс­тыру үшін айтсақ, 2009 жылы  13413,8 млн. теңге болатын.

Жұма, 23 қараша 2012 7:05

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың халыққа Жолдауында еліміздің басты байлығы  – денсаулық саласына аса зор көңіл бөлінгені баршамызға белгілі.
Денсаулық сақтау саласына әдет­тегідей ерекше назар аударылады. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жыл са­йы­н кеңейіп келеді. Оңтүстік Қа­зақстан облысында стационарлық және стационар алмастыру көмекті қаржыландыру бюджеті жыл са­йы­н өсуде. Мәселен, 2012 жылы 22651,8 млн. теңгеге жетті. Салыс­тыру үшін айтсақ, 2009 жылы  13413,8 млн. теңге болатын. Бүгінгі таңда медицина ұйым­дарының барлық іс-шаралары ден­саулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламада ұлт денсаулығын нығайту мақсатына жетуге бағытталған міндеттер қо­йылған. Мемлекеттік бағдарлама денсаулық сақтау саласын жаңа сапалық деңгейге көтеретініне кө­зіміз жетіп отыр.

Жалпы республика деңгейінде денсаулық сақтау саласында бар­лық негізгі көрсеткіштердің оң үрдісі байқалады. 2012 жылғы 10 айдың қорытындары бойынша ана­лар өлім-жітімі 13 пайыз, нә­рес­телер өлім-жітімі 7,2 пайызға азайып, қан айналымы жүйесі, туберкулез және өзге де әлеуметтік маңызды аурулар бойынша өлім-жітім, сырқаттанушылық көрсет­кіштерінің төмендеуі байқалады.
Елбасының тапсырмасына сәй­кес, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі Оңтүстік Қазақстан облысында да енгізілуде. Биыл үшін­ші жыл стационарлық қызме­тін жетілдіруге арналған кешенді жұ­мыстар жүргізіліп келеді. Бір­ыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің қағидаттарын жүзеге асыру стацио­нарлық көмектің нақ­ты қажеттілігін анықтауға, еліміз­дің барлық жерле­рінде бірыңғай тарифтерді және халықтың ме­дициналық көмекке қолжетім­ді­лігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.
Еліміздің азаматтары, әсіресе, ауыл тұрғындары стационарды еркін таңдау құқығын пайдаланады. Олар өз еркімен облыстық, республикалық деңгейлердегі емдеу мекемелерін таңдап, тиісті көмек алып жатыр.  Денсаулық сақ­тау министрлігі стационарды ал­мастырушы және жоғары маман­дандырылған медициналық көмек­ті дамытуды басым бағыт ретінде белгілеген.
Ең бастысы – тұрғындар үшін жоспарлы стационарлық көмектің қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Емдеуге жатқызу бюросы порталы науқасқа медицина ұйымын еркін таңдауға мүмкіндік ұсынады. Сонымен қатар, жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде көрсетілетін ме­дициналық қызметтің қолжетім­ділігін қамтамасыз етіп келеді. Әри­не, халық және медицина қыз­меткерлері арасында да әлі де түсіндіру ақпараттық-сарапта­ма­лық насихаттау жұмыстарын же­тілдіру қажет. Басында түсін­беушілік пайда болып, біраз кем­шіліктерге халықтың арасында наразылық болғаны рас.
Бүгінде науқастардың сұраныс­тарын неғұрлым толық қанағат­тандыруға, ресурс үнемдейтін технологияларды белсенді түрде дамытуға мүмкіндік беріліп отыр. Ауруханалар стационарлық көмек көрсеткені үшін ақыны бұрын­ғыдай төсек-орын санына қарай емес, көрсетілген медициналық қызметтер көлеміне және нақты шығындарына сәйкес алып отыр.
Осының нәтижесінде  ақы тө­леу жүйесі енгізіліп, еркін таңдау құқығы арқылы нарықтық қатынас қалыптастырылып, ресурстарды ти­імді қолдануы қамтамасыз етіл­ді. Бұл дәрігерлердің білікті­лік­терін көтеруге ынтасын арттырды және медицина қызмет­керлерінің бәсекеге қабілеттілігін дамытуға ықпал еткені анық.
Сонымен қатар, лизингтік тө­лемдер арқылы өнім берушілермен бағасы 5 млн. теңгеден 50 млн. теңгеге дейін негізгі құралдарды өз беттерімен сатып алу қа­рас­тырылып, медицина ұйымда­ры­ның материалдық-техникалық базасы күшейіп келеді.
Бүгінгі таңда емдеу мекемесі басшысының менеджмент деңгейі жоғары болуы тиіс. Қолданысқа озық технологияларды енгізіп, қызметкер­лерді тиісті еңбекақы ұсыну арқылы ынталандыруы талап етіледі.
2011 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі ресурстарды тиімді пайдалану деңгейін арттыру мақсатында «Бүгін – сен үздіксің, ертең – барлығы» жобасын бастап, іс жүзінде басқару технологияларын беру үшін республиканың үздік ұйымдары анықталып, да­йын­дықтан өткізді. Жобаға барлық деңгейдегі 118 медицина ұйымы қатысып, олардың 425 маманы кәсіпорындарды тиімді басқару мәселелері және басқарудың заманауи тәсілдері бойынша оқы­тылды. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 9 медицина ұйымы жобаның қатысушылары болса, оның ішінде облыстық балалар ауруханасы бар. Жобаның қаты­сушы-ұйымдарына жоспарлы және қарқынды түрде менеджментке оқыту арқылы заманауи менед­жментті енгізу жөніндегі озық тәжірибені әрі қарай өңірлерге тарату міндеттелген.
Бұл аталған жобаның мақсаты – денсаулық сақтау менеджментін жетілдіру, медицина ұйымдары жұмысының тиімділігін арттыру арқылы халық денсаулығын сақтау және қорғау. Сонымен қатар, сыр­қаттанудың алдын алу және өмір жасын ұзарту болып табылады.
Облыстық балалар ауруха­на­сының «Бүгін – сен үздіксің, ертең – барлығы» жобасына қатысушы-ұйым ретінде таңдалғаны инно­вациялық технологияларды қолда­нып, іске асыру, мекемені тиімді басқаруын енгізуге мүмкіндік туғызды. Осы жобаның аясында 2012 жылдың 30-31 қазан аралы­ғында Астана қаласында Денсау­лық сақтау министрлігі және Рес­публикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының ұйымдас­тыруымен «Менеджмент саласын­дағы денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетін арттыру: денсаулық сақ­тау менеджментін дамытудың жү­йелі тәсілдері» тақырыбымен II ха­лықаралық конференция өткізілді.
Мұнда медицина ұйымдары­ның өкілдері еліміздің және шет­елдердің үздік медицина мекеме­лерімен және халық денсаулығын қадағалау, жаңа технологияларды адам игілігіне тиімді қолданумен танысты. Сонымен қатар, денсау­лық сақтау жүйесін басқарудағы қазіргі мәселелер талқыға салынды. Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың халық­аралық стандарттарға негізделген осы бағыттағы саясатына медицина қызметкерлері толық қолдау көрсетіп отыр.
2012 жылдан бастап республикада онкологиялық қызметті қар­жыландыруы жергілікті және рес­публикалық бюджет бірге қосы­лып, «жаһандық» қағидаты бойынша жүзеге асырылуда. «Жаһан­дық» бойынша қаржыландыру электрондық тізімде тіркелген пациентке оның бағыты (емделу сатысы) бойынша ақы төлеуді көз­дейді. Ол онкодиспансерлердің ауруды ерте анықтауға мүдделілігін және 5 жылдық өмір сүруді ұзар­туға арналған халықаралық стан­дарттарға сәйкес сапалы емдеуді қамтамасыз етеді. Бірыңғай ұлт­тық денсаулық сақтау жүйесін енгізу онкологиялық қызметті қар­жыландыру 2009 жылмен салыс­тырғанда 2,2 есе арттыруға мүм­кіндік берді.
Қазіргі таңда ауылдық денсау­лық сақтау жүйесі екі көз­ден қар­жыландырылуда. Мемлекет бас­шы­сының саясатын іске асыру шеңберінде Денсаулық сақтау ми­нистрлігі ауылдық жерлерде меди­циналық қызметтің қолжетім­ділі­гін қамтамасыз ету үшін қар­жылан­дыру көздерін біріктіріп, «жаһан­дық» бюджет қағидаты бо­йынша қаржыландыруды ұсынып отыр. Бұл қадамды ауыл тұр­ғындарына бастапқы медицина­лық-санитар­лық көмекті жақсарту шарала­рының бірі деп есептеуге болады. Мемлекеттің тегін меди­циналық көмегінің кепілдік көле­мінің шең­берінде жұмсалатын шы­ғыстары­ның құрылымында бас­тап­қы ме­дициналық-санитарлық көмекке баса мән беріліп, 60 пайыз қаражат қарастырылған. Ал осыдан біраз жыл бұрын, қаражаттың басым бөлігі стационарлық кө­мекті төлеу­ге жұмсалатын, бастап­қы меди­циналық-санитарлық кө­мекке 30 пайыз көлемінде қалд­ы­рылатын.
Денсаулық сақтау министрі   С.Қайырбекова ауылдық денсау­лық сақтау жүйесінің қаржылан­дыру туралы ұсыныстары еліміз­дің медицина ұйымдары арасында жан-жақты талқыланып, медицина қоғамдастығы арасында белсенді қолдау тауып отыр. Бұл сөз жоқ, медицина ұйымдарына жоспарлау мен басқаруда үлкен еркіндік беріп, қызметтерінің тиімділігін арт­тыруға және шығындарын қыс­қартуға ынталандырады. Бұл өз кезегінде төсек қорын оңтай­лан­дыруға, емделуге жатқызу құры­лымын өзгертуге, кадр мәселе­лерін шешуге, ресурстарды сақ­тай­тын жаңа технологияларды игеруге, профилактикалық бағытты кеңейтуге мүмкіндік береді.
Қазақстандағы экономикалық өсу бұрын тоқмейілсіп келген мә­селелерге басқаша қарауға мүм­кіндік беруде. Отандық медицина қарқынды дамып, жаңа биіктерді бағындыра бастады. Біз мұның жақсы мысалын өз облысымыз­дағы оңды өзгерістерден көріп отырмыз. Елбасымыз “біздің ең басты байлығымыз – халқымыз­дың аман саулығы” дегенді жиі айтып, Денсаулық сақтау министр­лігіне заман талаптарына сай тапсырмалар белгілеп беріп келеді. Мемлекет басшысының әрдайым қолдау көрсетуі республикамызда денсаулық сақтау саласының көк­жиегін кеңейтуде. Адам жанының арашасысы дәрігерлер қауымы осы сенімге сай әлемдік озық тә­жірибелерді еркін игеріп жатыр.
Әнуар МАЙМАҚОВ,
Оңтүстік Қазақстан облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері.
ШЫМКЕНТ.