03 Ақпан, 2019

Солтүстік Қазақстанда ауданның жаңа әкімі таныстырылды

606 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың өкiмiмен Ербол Болатұлы Сағдиев Есіл ауданының әкiмi болып тағайындалды.

Солтүстік Қазақстанда ауданның жаңа әкімі таныстырылды

Құмар Ақсақалов  жаңа әкімді аудан активіне таныстырып, бірқатар міндеттер жүктеді.

 Ербол Сағдиев 1961 жылы Есiл ауданы Өндiрiс ауылында туған. Алматы зооветеринарлық институтын зоотехник, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн құрылыс бакалавры және ауыл шаруашылығы бакалавры мамандықтары бойынша тамамдаған.

 Еңбек жолын 1983 жылы Қостанай мемлекеттiк облыстық ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясында зоотехник болып бастаған.1988-1992 жылдары Көкшетау облысының Көкшетау ауданындағы СОКП ХХIУ съезi атындағы кеңшардың директоры болды. 1992-2003 жылдары коммерциялық кәсiпорындарға жетекшiлiк еттi.

 2003-2015 жылдары Ақмола облысындағы Зерендi, Атбасар, Сандықтау аудандарының әкiмi қызметтерiн атқарды. 2015-2017 жылдары Шал ақын ауданының әкiмi болды.  Осы тағайындауға дейiн Тимирязев ауданын басқарды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы