Аймақтар • 03 Ақпан, 2019

Жасөспірімдерге арналған «Bilgen-dara bol» жобасы басталады

618 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық құндылықтарды жасөспірімдер арасында насихаттауды, сондай-ақ журналистика саласына бейімдеу мақсатында «Bilgen-dara bol» жобасы жол тартты.

Жасөспірімдерге арналған «Bilgen-dara bol» жобасы басталады

Түркітілдес журналистер қоры мен «Bilgen» ұлттық авторлық методика және бағалау орталығының бірлесуімен жасалған  «BІжобасы «SERPIN» Ұлттық Білім Инновациялық Палатасы қолдауымен жүзеге асатын болады. Айтулы жобаға еліміздің барлық аймақтарынан 2-11-сынып оқушыларының қатысуға мүмкіндігі мол. Жоба шартына сәйкес қатысушылар арнайы  порталға тіркеліп, байқау түрінде өтетін «Bilgen-dara bol» жобасының басты тақырыптарына қатысты материалдар жолдайды.

Жоба аясында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған мəселелер негізге алынып отыр. Бес кезеңді қамтитын байқаудың республикалық деңгейдегі төртінші кезеңінде үздік материалдар сарапшылар талқысынан өтеді.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Астана қаласында өткізіледі. Ал Қазақстан, Түркия, Əзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан т.б. түркі елдерінен оқушылар қатысатын халықаралық деңгейі – бесінші кезеңде өтеді. Жоба туралы толық ақпаратпен www.ttjk.kz  жəне www.bilge.kz сайттары арқылы танысуға болады.   

Эльвира Серікқызы,

«Еqemen Qazaqstan»