03 Ақпан, 2019

Солтүстік Қазақстанда Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

502 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы министрінің бұйрығымен Төлеген Дәстемұлы Қабдөшев Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Солтүстік Қазақстанда Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Төлеген Қабдөшев  Көкшетау гуманитарлық-экономикалық университетін, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін қаржы және несие, құқықтану бакалавры мамандықтары бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы Петропавл қаласы бойынша салық инспекциясы кәсіпкерлік қызметке салық салу бөлімінің инспекторы қызметінен бастаған. Салық қызметі органдарында бас инспектор, бөлім секторының меңгерушісі, бөлімдер мен басқармалардың басшысы болып жұмыс істеген. 2005-2009 жылдары облыстық салық қызметінің аудандық бөлімшелерінің басшысы, 2009 жылдың наурызынан 2014 жылға дейін облыстық салық департаменті басшысының орынбасары, ал 2014 жылы қайта құрылғаннан кейін – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болған.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы