03 Ақпан, 2019

Баянауылдың Қызылтау ауылында көкпаршылар тұрады

916 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Аудандық ішкі саясат  бөлімінің мәліметінше, ауыл жастары көкпардан «Қызылтау» құрама командасын жасақтап, аудандық, облыстық және республикалық жарыстарға қатысуда.

Баянауылдың Қызылтау ауылында  көкпаршылар тұрады

Жуырда көкпар алаңына жиналып, атқа міну, жабағы үйрету, көкпар, қыз қуу, аударыспақты қазақтың ұлттық ойындарын арналған  шара өткізді. Бұл шарадан аранйы бейнероликтер түсірілген.

Ауылда жастарға қолдайтын, ұлттық  ойындар, салт-дәстүр жанашары, бүркітші, құсбегі Иманзайып  Тасыбаев  тұрады. Қазір Баянауыл Ұлттық мемлекеттік табиғи паркінде еңбек етуде.

Ал, Нұржан, Ерсайын, Дидар Қалиевтер, Асылбек Сағындыков, Мұрат Ағжан, Жолболды Ерасыл, Жақыбай Дархан, Әблешов Еркебұлан, Иманзайып Ермек, Ғалижапаров Дамир, Жұмағали Ердос, Аспандияр Тасыбаев, Бақытбек Байкин, Батырбек Қошқарбаев, Асылбек Сламбеков Асылбек,Еркебұлан Сейітқұлов, Мәрлен Адамқұлов сияқты көкпаршы жігіттер жарыстан қалмайды.

Көкпаршылар командасын бапкер Алдияр Тасыбаев басқарады. Бас төреші-Нұржан Қалиев.

Көкпаршыларға  облыстық, республикалық жарыстарға ару үшін ауыл әкімдігі, аумақтағы  шаруа қожалықтары демеушілік көрсетеді.

Аударыспақ ойын түрінен жас палуаны Мұрат Ақжан респуликалық турнирлерде бірнеше мәрте жүлдегер атанды.

Аударыспақтан Ақтөбе облысы әкімінің кубогына арналған бәсекеде 2-орынға ие болыпты.

Ал, ауылдың белсенді жастарының бірі-Батырбек Қошқарбаев  Ж. Аймауытов ауылында тұрады.

Оқу бітіріп, жоғары білім алған,қазір ауданының "Тұма" жастар қоғамдық бірлестігін басқарады.

-Атам- Көпен кезінде ат жаратып, құмай тазы ұстаған екен. Мен де  ата жолын қуып, күміс ертоқым, ағаш үзеңгі, өрме жүген, өрме қамшы – ат әбзелдерін жинаймын. Ауылымызда көкпар тартып, бүркіт баулып, құмай тазы ұстайтындар аз емес,-деп Бақытжан Бердібеков аға.

Жалпы, Қызылтау ауылдық аумағына Жүсіпбек Аймауытов атындағы, Ақши, Лекер, Үйтас деген шағын ауылдар қарайды.

Ауылдық аумақта қазір қалғаны 1194 адам. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 1 серіктестік, 63  шаруа қожалықтар жұмыс жасауда. Бұлардың арасында 3 шаруа қожалығы асыл тұқымды ірі қара мал, асыл тұқымды жылқы шаруашылығы бар.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР