03 Ақпан, 2019

Таразда тындырымды тірлік көп

943 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінде Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов тұрғындар үшін қажетті, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеретін жобаларды қолға алуда. Қазіргі кезде қала ішіндегі саябақтар, балалар ойын алаңшалары сияқты халық көп шоғырланатын орындар абаттандырылып, ел игілігіне берілді.

Таразда тындырымды тірлік көп

Мәселен, Тараз қаласындағы талай жылдан бері қараусыз қалған «Жеңіс» саябағына даңқты батыр Бауыржан Момышұлының ескерткіші орнатылып, саябақ іші ұрпаққа өнеге болатындай құндылықтармен безендірілді. Одан кейін Қайрат Рысқұлбеков саябағы, «Үшбұлақ» демалыс орыны сияқты орындар да халықтың игілігі үшін жасалған нәрселер деп айтқым келеді.

 Екіншіден, Тараз қаласының Ыбырайым Сүлейменов көшесінің бойындағы аллея да «Жастар жылына» орай «Жастар аллеясы» деп аталатын болды. Бұл да өңірдегі жастар үшін жасалып отырған игі жұмыстар ретінде бағаланады. Елбасының салиқалы саясаты Жамбыл өңірінде де тиісті жүзеге асып, лайықты түрде атқарылып келеді. Сонымен қатар, өткен жылы өңірде өндіріс саласының да біршама артқанын айтуға болады. Яғни, 238,5 миллиард теңгеге өндіріс көлемі артқан. Тағы бір айта кетерлігі, өңірде 32,548 орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Олардың инвестиция тарту көлемі бойынша да көрсеткіштері артып отыр. Тараз қаласының өзіне 69,2 миллиард теңгеге инвестиция тартылған.

 Бұдан кейін, жалпы тұрғын үй мәселесі халық үшін өте маңызды. Өткен жылы өңірде тұрғын үй салу үшін 43,7 миллиард теңге жұмсалған. Былтыр Тараз қаласынан 243,7 мың шаршы метр тұрғын үй салынған болатын. Мемлекет қолдауының нәтижесінде салынған үйлер мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғындар үлесіне берілуде. Бірқатар білім беру ошақтары салынып, кейбіреулері қайта жөндеуден өткен. Атап айтсақ, «Шөлдала» аймағында 900 орындық және «Бәйтерек» ықшамауданында 120 орындық мектеп пайдалануға берілді.

 «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша да қала көшелерінде бірқатар бағдаршамдар жаңартылған. Сонымен қатар, өңірде туризм саласын дамытуға да айрықша көңіл бөлінуде. «Шахристан», «Ақыртас» кешендеріне тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ал, Жуалы ауданындағы «Қаралма» кешені де болашақта өңір туризмін дамытуға өзіндік серпін беретіні сөзсіз.

Серікбол БЕРІКҚОЖА,

Тараз қалалық мәслихатының депутаты