Екі күнге созылған бәсекеге әлемнің 28 мемлекетінен 177 спортшы қатысты. Қазақстан намысын 14 спортшы қорғаған болатын.
Жарыс нәтижесінде 48 келіде белдескен Ақмарал Науатбек қола жүлдегер атанды. Ақмарал алғашқы белдесуінде Испания өкілін жеңсе, топтан шығуға мүмкіндік беретін кездесуде Мелоди Вагарниден ұтылды.
Жұбаныш белдесуінде қазақстандық спортшы франциялық Корчерді жеңіп, кіші финалда австралиялық Катарина Танзерді ұтты.
Қазақстан құрамасының өзге спортшылары жүлдеге іліккен жоқ.