«4 ақпанда сағат 2:34-те Астанадағы ТЖД «101» тетігіне Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесіндегі жеке тұрғын үйдің ауласындағы бөлек тұрған уақытша баспанадан өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. Өртті сөндіру кезінде 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған бес баланың мәйіттері табылды. Олардың ата-аналары жұмыста болған» деп хабарлады ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Оның айтуынша, оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды 3:06-да ауыздықтап, 3:24-те толық сөндірген. Өртті сөндіруге Астана ТЖД бес бірлік өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамдағы 17 адам және ТЖК ОӨАЖҚЖ бірлік техникасы мен жеке құрамдағы төрт адам жұмылдырылған.