Біздің спортшылар 3000 метрге созылған эстафетада бесінші орын иеленді. В финалында топ жарған команда көрсеткіші жалпы есепте үздік бестікке ену үшін жеткілікті болды.
Эстафетада ел намысын Анастасия Крестова, Әлия Ким, Әсел Тайшыманова және Ольга Тихонова қорғаған болатын.
Ерлер арасындағы сында Денис Никиша, Нұрберген Жұмағазиев, Әділ Ғалиахметов және Мерсаид Жақсыбаев жетінші орыннан көрінді.
Аралас эстафетадағы Қазақстан спортшыларының көрсеткіші – алтыншы орын.
Жекелей сында біздің спортшылар финалға өткен жоқ. Ал құрама үздігі Абзал Әжіғалиев жарақатына байланысты жарыстан сырт қалды. Әлем кубогінің соңғы кезеңі 8 ақпан күні Туринде басталады.