«Бүгін Астанада қайғылы оқиға болды. Осыған баланысты балалардың ата-анасына, туған-туыстарына көңіл айтамын. Өрт шыққан кезде кішкентайлардың ата-анасы жұмыста болды. Осы жағдайға байланысты бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында арнайы баспасөз жиыны өтеді. Өрттің шығу себептерін құзырлы органдар өте мұқият тексеріп, нақты ақпарат береді деп сенеміз. Өте қайғылы жағдай. Балаларымызға, олардың өміріне сақ болайық», - деді Дәурен Абаев.
Министрдің айтуынша, Астана әкімдігі балаларды жерлеудің барлық шығындарын өтейтін болды. Ал ата-аналарға кәсіби псиxологиялық көмек беріліп жатыр.
«Әкімдік барлық шараларды атқарып жатыр», - деді министр.
Айта кетейік, Астанадағы «уақытша баспанада» бес баланың өрттен қаза тапқанын жазған едік.