Танымал Transfermarkt басылымы ұсынған мәліметке сенсек, биылғы маусымда «Тобылдың» қатарына қосылған ойыншылардың жалпы трансферлік құны 5,4 миллион евроны құрайды. Олар – Михаил Гордейчук (2 миллион), Никита Бочаров (850 мың), Сенин Себаи (800 мың), Александр Клещенко (700 мың), Эмиль Балаев (400 мың), Руслан Валиуллин (350 мың) және Андрей Пасеченко (300 мың).
Екінші орында – «Ертіс». Павлодарлық клубтың жейдесін киген жаңа тебіл доп шеберлерінің құны – 4,25 миллион евро. Олар – Рохер Каньяс –(1 миллион), Каспар Дубра мен Аслан Дарабаев (700 мыңнан), Станислав Лунин мен Патрик Хиди (500 мыңнан), Тимур Мульдинов (350 мың), Жереми Манзорро (250 мың), Момоду Сиссей (200 мың) және Илья Сотник (50 мың).
Үшінші орында – «Ордабасы». Оңтүстік өңірінің командасы Алексей Щеткин (2 миллион), Дмитрий Непогодов (1 миллион) және Марат Быстров (600 мың) сынды ойыншылармен толықты. Жалпы құны – 3,6 миллион.
Одан кейінгі орындарда «Окжетпес» – 2,9 миллион, «Қайрат» – 2,25 миллион, «Кайсар» – 1,87 миллион, «Тараз» – 1,75 миллион , «Атырау» – 1,5 миллион, «Шахтер» – 1,33 миллион, «Жетісу» – 950 мың және «Астана» – 300 мың.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»