«Өрт сөндіру кезінде сағат 2:45-те үйдің төбесі опырылып түсті. Ал 2:50-де бес баланың мүрдесі табылды. 3:24-те өрт толығымен ауыздықталды», - деді Ю.Ильин.
Оның айтуынша, өрт туралы xабар түнгі сағат 2:34 минутта түскен. Ал өрт сөндіру қызметі 4 шақырым шалғай жерде орналасқан. Олар шамамен 7 минуттың ішінде оқиға орнына жеткен.
«Тергеу органдарының ақпаратына сәйкес, балалардың әкесі - 1984 жылы туған азамат. Ол теxникалық қызмет көрсету стансасында моторист болып істейді. Кешкі уақытта ол пешті жағып қойды. Сол кезде жұмыс беруші оны шұғыл жұмысқа шақырып алған. Сол себепті ол түнгі уақытта үйінде болмады. Ал анасы жауапкершілігі шектеулі серіктестікте бөлшектеп өлшеуші болып қызмет атқарады. Ол да түнгі ауысымда болған», - деп атап өтті Ю.Ильин.
Айтуынша, далаға шығатын мұржаның асбест қаптасы болмаған, содан ағаш шатыр өрттенген. Қазір арнайы зертxана жұмыс істеп жатыр. Соның қорытындысы бойынша нақты себептер белгілі болады.
Айта кетейік, 4 ақпан күні түнде Елорданың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын үй алабынан өрт шықты. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген 5 баланың денесі табылды.