Қаржы • 04 Ақпан, 2019

Халық Банк Өзбекстанда бөлімшесін ашуға рұқсат алды

579 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халық Банк Өзбекстанда бөлімше ашуға рұқсат алды. Бұл туралы Өзбек Орталық Банк директорының орынбасары Тимур Ишметов Трендке берген сұхбатында хабарлады.

Халық Банк Өзбекстанда бөлімшесін ашуға рұқсат алды

«Халық Банк құжаттарын тапсырды, алайда әлі лицензия алмады. Өткен аптада Орталық Банктен алдын ала рұқсат алды. Бұл рұқсат орталықтың жұмыс бастауына жол ашады. Рұқсаттама алты ай көлемінде жарамды. Осы уақыт ішінде Халық Банк талаптарға сай ғимарат тауып, капиталын қалыптастырып үлгеруі тиіс. Егер осы екі талап орындалса, лицензия да беріледі» деді Ишметов.

Одан бөлек Ишметов Грузияның ТВС Банкі өз орталығын ашуға ұсыныс білдіріп, бизнес жоспарын дайындағанын айтты. «ТВС банкі елімізде орталығын ашу ниетін қаңтардың басында білдірген болатын. Еліміздегі нарықты зерттегенімен, құжаттарын әлі тапсырмады» деді директор орынбасары.