04 Ақпан, 2019

Өтемұратовтың қоры перзентханаға медициналық аппарат сыйлады

580 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Меценат Болат Өтемұратовтың қоры Алматы облысының Жаркент қаласындағы перзентханаға «Genesis» тыныс алу аппараты мен «ВМ-пациент» мониторын тарту етті.

Өтемұратовтың қоры перзентханаға медициналық аппарат сыйлады

Испанияның «Hersill.SL» компаниясында жасалған «Genesis» аппараты науқасқа наркоз кезінде тыныс алуға мүмкіндік беретін заманауи технологиямен жұмыс істетйді. Оның құны 15 млн 900 мың теңге шамасында екен. Ал «ВМ-пациент» мониторы Оңтүстік Кореядан 6 млн 150 мың теңгеге арнайы Жаркент перзентханасы үшін әкелініпті.

Қайрымдылық шарасына арнайы келген Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев шалғайдағы ел тұрғындарына жасаған жақсылығы үшін қор ұжымына алғыс айтты.

- Облыстық бюджеттен жыл сайын денсаулық сақтау саласына қаржы бөлінеді. Алайда аудандардағы денсаулық сақтау мекемелерін озық технологиядағы жаңа аппаратуралармен толық қамтамасыз етуге бюджет қаржысы жете бермейтіні рас. Болат Өтемұратовтың қоры Жаркент перзентханасы үшін игі іс жасады. Бұл осы аймақтағы ана мен балаға деген қамқорлықтың үлгісі, – деді облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев.