«1 ақпан күні Омбы қаласының Россельхознадзор басқармасының мамандары Омбы шекара қызметімен Қазақстаннан келген екі жүк машинасын ұстады. Жүк көліктері Ресейде таратылуға тыйым салынған 36 тонна алмұрт алып келе жатқан. Ресей Федерациясының президентінің қаулысына сәйкес, 36 тонна алмұрт механикалық тәсілмен полигонда жойылды» делінген хабарламада.
Ресей ведомствосы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп инспекциясының алмұрттарға фитосанитарлы сертификат бергені туралы айтты.
«Ауыл шаруашылығы министрлігі сертификат бергенін растады. Алмұрт қораптарындағы ақпаратта Бельгия Корольдігінен әкелінгені туралы ақпарат бар» деді Россельхознадзор.