Әлем • 05 Ақпан, 2019

Ұлыбританиялық ғалымдар қатерлі ісіктен айығудың жаңа әдісін ойлап тапты

700 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританияның Солфорд университетінің ғалымдары қатерлі ісік жасушаларын анықтаудың жаңа әдісін ойлап тапты.

Ұлыбританиялық ғалымдар қатерлі ісіктен айығудың жаңа әдісін ойлап тапты

Мамандардың айтуынша, осы жасушалар әрі қарай таралса, адам қатерлі ісікке шалдығу мүмкін. Осылайша, зерттеушілер бағаналық жасушаларды дәрі-дәрмектермен жойып, созылмалы аурулардың алдын алуға болатынын айтады.

Басылымның мәліметінше, ғалымдар адам ағзасынан бөлінетін сүт безіндегі қатерлі ісік жасушаларының үлгісін зерттеп, бүкіл жасушаның 0,2 пайызы қатерлі бағаналық жасушалар екенін және оның ерекше белгілері бар екенін анықтаған. Ол жасушалар адамның қантамырларына, әрі қарай басқа да органдар мен тіндерге өтеді.

Осылайша, ғалымдардың сөзіне сүйенсек, қатерлі ісіктің басты белгісі метастаз жүреді екен.

Айта кетейік, метастаз дегеніміз - ауру тудыратын ісік жасушаларының зақымданған ошақтан қан не лимфа ағынымен бірге орын ауыстырып таралуы нәтижесінде пайда болатын екінші реттік патологиялық ошақ. Сондай-ақ, мамандар жасушалардың бүл түрі белгілі бір уақыт бойы жарық сәулелерін жұтып алатынын анықтаған. Олардың айтуынша, алдағы уақытта бұл процесті де тоқтататын дәрі-дәрімектер ойластырылады.