Аймақтар • 05 Ақпан, 2019

Ауа райынан қоғамдық көліктердің бағдары өзгереді

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бағдарлардың жүру кестесіндегі өзгерістер туралы хабарламаларды Астана LRT ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланады деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Ауа райынан қоғамдық көліктердің бағдары өзгереді

«Ауа-райының нашарлауына байланысты қала маңындағы елді-мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін. Қоғамдық көлік бағдарларының қозғалысына қатысты өзгерістер туралы ақпарат «Астана LRT» ЖШС-нің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланатын болады. Жаңалықтардан Facebook, Instagram парақшаларынан және www.alrt.kz сайтынан хабардар болыңыздар», – делінген «Астана LRT» компаниясының хабарламасында.