Үкімет • 05 Ақпан, 2019

Бақытжан Сағынтаев өрттен қаза тапқан 5 баланың ата-анасына көңіл айтты

576 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев өрттен қаза тапқан 5 баланың ата-анасына көңіл айтты.

Бақытжан Сағынтаев өрттен қаза тапқан 5 баланың ата-анасына көңіл айтты

«Бүгінгі отырысымызды өткен жексенбіде, дүйсенбіге қараған түнде Астанадағы қайғылы оқиғадан бастағым келіп отыр. Өрт кезінде бір үйдің өрімдей 5 баласы қаза болды. Жантүршігерлік жағдай. Бір отбасының басына  түскен ауыр қайғы. Ай-күннің аманында бес бірдей баласынан айырылып қалған ата-анасына құдай күш-қуат берсін дейміз. Марқұм болған балалардың ата-анасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Алда мұндай жағдайды ешкімнің басына бермесін деп тілейік» деді Премьер-Министр.

Еске сала кетейік, 4 ақпан күні түнде Сарыарқа ауданындағы «Көктал-1» тұрғын үй алабында өрт шығып, онда жеке үйдің аумағындағы шағын үй өртенген. Өрт салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016, 2018 жылы туған бес бала қайтыс болды. Ең кішісі небәрі үш айда болған.