Аймақтар • 05 Ақпан, 2019

Алматыда көлік бөлшектерін заңсыз сатқан сауда орындары тексерілді

882 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы полициясы Бостандық ауданындағы көліктің ескі бөлшектерін сату нүктесін тексерді.

Алматыда көлік бөлшектерін заңсыз сатқан сауда орындары тексерілді

Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, саудагер көліктің ескі бөлшектерін өзінің гаражында сатумен айналысқан.

«Бірнеше сағат бұрын мобильді топ ескі көлік бөлшектері саудаланған сауда нүктесін анықтады. Қожайын дүкенді өзінің гаражынан ашып қойған. Тексеру барысында 100 айна мен 3 аккумулятор табылды. Тәркіленген бөлшектердің арнайы құжаты жоқ болып шықты. Қазір бұл заттардың бұрынғы қожайындары іздестіріліп жатыр. Сонымен қатар, айналардың ұрланғандығы да тексеріліп жатыр. Жапа шеккен азаматтар бөлімшеге келіп, өз заттарын алуда», - деді Алматы қаласы Бостандық аудандық Полиция басқармасының басшысы Дәурен Утебаев.

Тәртіп сақшылары айнасын ұрлатып алған көлік жүргізушілері болса, Бостандық аудандық Полиция басқармасына хабарласуларын сұрайды.