Үкімет • 05 Ақпан, 2019

Ж.Қасымбек: 6,5 млн ауыл тұрғыны сумен қамтамасыз етілді

531 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Өңірлерде сумен жабдықтау және су бұруға байланысты мәселелерді талдау және шешу бойынша ұсыныстарды пысықтау» тапсырмасы бойынша өткен жылдан бастап ауылды сумен жабдықтауға барлық қаржыландыру көздерінен жыл сайын 100 млрд. теңге бөлінеді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында мәлімдеді. 

Ж.Қасымбек: 6,5 млн ауыл тұрғыны сумен қамтамасыз етілді

Осының арқасында 84,4% ауыл тұрғындары орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді. Ол шамамен 6,5 млн адам.

«Инфрақұрылымды дамыту экономикалық өсімі бар негізгі жерлерде көзделеді. Қазіргі уақытта Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар әзірленіп жатыр, олар жобаларды іске асыруын барынша тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді» деді Ж.Қасымбек.

Ал  «Тұрғын үй құрылысында қазақстандық мазмұнның өсімін қамтамасыз ету» тапсырмасы бойынша 2018 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын-үй құрылысы жобаларындағы жергілікті қамтудың үлесі 86 % құраған.

«Біз электрондық Реестрі іске қостық. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге отандық өнімді қолдануына бақылау жүргіземіз. Үш жылдың ішінде тұрғын үй құрылысында жергілікті қамтуды 90 %-ға дейін жеткіземіз» деді Ж.Қасымбек.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше