Қазақстан • 05 Ақпан, 2019

10 жылда 47 мың гектар бақ өсіріледі

715 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев етті және сүтті мал шаруашылығын, құс шаруашылығын, суармалы жерлерді, қарқынды бақ шаруашылығын, қант саласын дамыту бағдарламаларына тоқталды.

10 жылда 47 мың гектар бақ өсіріледі

«Қарқынды бақ шаруашылығын дамытудың салалық бағдарламасы аясында біз 10 жылда 47 мың гектар алаңда қарқынды бақ өсіру міндетін қойып отырмыз, осылайша импортты алмастырамыз», дейді Ө. Шөкеев.

Сондай ақ сүт бағдарламасы бойынша сүт өндіруді 10 жылда 1 млн. тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Оның индикативтік көрсеткіштері анықталған. 2027 жылға дейін қуаты 400 бас сиырдан басталатын 139 өнеркәсіптік сүт фермасын, 400 басқа дейін сиыр ұстайтын 527 отбасылық сүт фермасын ашу жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, құс шаруашылығын дамыту бағдарламасы шеңберінде алдағы 10 жылда құс етін өндіруді 3 есеге (200 мың тоннадан 700 мың тоннаға дейін) арттыру жоспарланған. Бұл сырттан келетін құс етін тоқтатып, өз-өзімізді толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Салалық бағдарламаларға қатысушылар үшін жер учаскелері басымдықпен беріледі, фермерлік шаруашылықтарға мал, техника мен жабдық сатып алуға, жайылым инфрақұрылымын салуға жеңілдетілген кредит беріледі.