Қаржы • 05 Ақпан, 2019

Қаржы министрі: Кедендік шекарадағы сыбайлас жемқорлық көріністері азаяды

123 реткөрсетілді

Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2019 жылғы 30 Қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын іске асыру бойынша Қаржы министрлігі қабылдаған шаралар туралы баяндады. 

«Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы кедендік статистиканың алшақтығын төмендету мақсатында Қаржы министрлігі мен ҚХР Бас кеден басқармасы арасындағы Хаттамаға ақпарат алмасу туралы бөліміне өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы тиісті уағдаластыққа қол жеткізілді. Қытай тарапымен «ақылды қорған» пилоттық жобасын іске асыру туралы келісімге келдік. Осы мақсатта Бас кеден басқармасының ақпараттық жүйесімен «Астана-1» АЖ ықпалдастыру жоспарлануда. Бұл импорттаушылардың тауарларды декларациялауының дұрыстығын қамтамасыз етеді. Ең бастысы, бұл жоба кедендік шекарадағы сыбайлас жемқорлық көріністерін айтарлықтай азайтады» деді Қаржы министрі.

Сондай-ақ ол кедендік бақылау шеңберінде тексеру іс-шараларының күшейтілгенін сөз етті.

«2018 жылдың соңында Үкімет көлеңкелі экономикаға қарсы іс - қимыл жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жаңа іс-шаралар жоспарын қабылдаған болатын. Жоспар бойынша кедендік әкімшілендіруді жақсартуға, көлеңкелі экономиканы азайтуға, сондай-ақ бизнесті ынталандыруға және шағын және орта бизнес субъектілерін «көлеңкеден» шығару және қолма-қол ақшасыз айналым үлесін ұлғайту жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған іс-шаралар іске асырылады. Жалпы алғанда, Қаржы министрлігінің жұмысы «салықтардың жиналуын арттыру» жобасы бойынша бастамаларды қоса алғанда, салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыруға және оларды ықпалдастыруға негізделеді» деді Әлихан Смайылов.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Еділ мен Жайық суы араласты

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ұқсас жаңалықтар