Аймақтар • 05 Ақпан, 2019

Қарағанды мектептеріне қоқысты бөлектеп жинайтын контейнерлер қойылады

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында «Vпереработку» акцияcының басталғанына біршама уақыт болды. Осы іс-шара аясында қаладағы мектептердің барлығына қоқысты бөлектеп жинайтын контейнерлер орнатылады.

Қарағанды мектептеріне қоқысты бөлектеп жинайтын контейнерлер қойылады

Акцияның мақсаты – оқушыларға қоқысты бөлектеп жинаудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіру.

Бұл жобаны іске асыру үшін Қарағанды қалалық Білім бөлімі, қалдық өңдейтін «Recycling» ЖШС және Қоғамдық маңызды бастамалар қоры арасында меморандум жасалды.

«Vпереработку» акциясының еліміздегі барлық қала оқушылары қатысатын «ЭкоChallenge» ауқымды байқауының бір бөлігі екенін айта кету керек. Жоба бойынша оқушылардың әрқайсысы арнайы порталда тіркеледі, ал ол жерде экология тақырыбында өтетін барлық іс-шара белгіленеді. Іс-шараны ең көп өткізген мектептің Қоғамдық маңызды бастамалар қорынан ақшалай грант ұтып алу мүмкіндігі бар. Ол қаражатты экологиялық жобаларға, дәлірек айтсақ, мектеп жылыжайын салуға немесе гидропоника бөлмесін жабдықтауға жұмсауға болады.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Egemen Qazaqstan»

Қарағанды