Шымкент әкімшілік сотында 2018 жылдың маусым айынан бері аталған жоба бойынша жол-көлік оқиғаларына қатысты 1211 әкімшілік іс қаралаған. Негізінен осы жоба бойынша ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы мойындаған және екі тарап өзара келіскен әкімшілік істер қаралады.
Сондай-ақ, былтыр бұл жоба бойынша сот тарапынан құқық бұзушыларға салынған айыппұлды мемлекеттің пайдасына өз еркімен төлеу көрсеткіші 90 пайызды құраған. Осылайша, қазіргі кезде Шымкент қаласының әкімшілік сотында «Түнгі сот» пилоттық жобасы жүргізушілерге үшін қолайлы қызмет түріне айналып отыр.
Аталған жоба бірінші кезекте тараптардың жауапкершілігін анықтап, келтірілген зиянның орнын толтыру мәселелерін жылдам шешумен ерекшеленеді. Сонымен қатар, әкімшілік сотта істі қысқа мерзімде қарауға мүмкіндік туғызып, жәбірленушіге де сақтандыру компаниясынан берілетін тиісті төлемақыны дер кезінде алуына көмектеседі.
Нұршат ТӨКЕН,
«Egemen Qazaqstan»
Шымкент