Әлем • 05 Ақпан, 2019

Әлемдік рейтингте Пакьяо Головкиннен озды

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританияның Worldboxingnews.net сайты үздіксіз жариялап тұратын әлемдік рейтингінде Мэнни Пакьяо бұл жолы Геннадий Головкинді тағы бір сатыға төмен сырғытты.

Әлемдік рейтингте Пакьяо Головкиннен озды

19 қаңтарда америкалық Эдриен Бронерді ұпай санымен ұтып, жартылай орта салмақтағы WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын сақтап қалған филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо 11 орыннан 5-ші сатыға көтерілді. Тиісінше біраз уақыт бойы жекпе-жекке шықпаған орта салмақтағы қазақстандық Геннадий Головкин алтыншы орыннан жетінші сатыға сырғыды.

«ТОП-10» боксшылар тізімі

1. Василий Ломаченко (Украина)

2. Сауль «Канело» Альварес (Мексика)

3. Александр Усик (Украина)

4. Майки Гарсия (АҚШ)

5. Мэнни Пакьяо (Филиппин)

6. Теренс Кроуфорд (АҚШ)

7. Геннадий Головкин (Қазақстан)

8. Наоя Иноуэ (Жапония)

9. Донни Ньетес (Филиппин)

10. Тайсон Фьюри (Ұлыбритания)

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»