Хоккей • 05 Ақпан, 2019

«Барыс» хоккейшілерінің қарқыны қуантты

175 реткөрсетілді

Биылғы маусымды «Барыс» өте сәтті өткізуде. Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) олар 59 кездесуден кейін 79 ұпай жиып, бесінші орынды иеленуде. Шығыс конференциясында екінші сатыға жайғасты. Чернышев дивизионында көш бастап тұр. 

Астаналық хоккейшілердің басқа да нәтижелері қуантарлық. Мәселен, өз мұз айдынында жасаған соққылардың саны бойынша ҚХЛ-дағы командалар арасынан алғашқы болып олар бір мыңдық межеден асты. Осы күнге дейін «Барыстың» ойыншылары 1004 рет соққы жасады. Соның 85-і қақпа торынан табылды. Бұл – 8,47 пайыздық көрсеткішті құрайды. Жерлестерімізден кейінгі орындарға мына клубтар жайғасты: «Авангард» – 974 соққы (84 гол, 8,62 пайыз), «Локомотив» – 932 соққы (65 гол, 6,97 пайыз), «Торпедо» – 924 соққы (87 гол, 9,42 пайыз) және СКА – 920 соққы (91 гол, 9,89 пайыз).

«Барыстың» сырттағы мұз айдында жасаған соққыларының саны бес командадан кем болғанымен, өнімділігі жағынан олардың көші өзгелерден ілгері. Атап айтсақ, түзде астаналық хоккейшілер 749 соққы жасап, 89 гол соқты. Бұл – 11,88 пайыздық көрсеткішті құрайды. Яғни, ҚХЛ-дағы ең озық нәтиже. Одан кейінгі орындарда СКА – 11,06 пайыз (96 гол, 868 соққы), «Автомобилист» – 10,29 пайыз (90 гол, 875 соққы), ЦСКА - 9,55 пайыз (80 гол, 838 соққы)  және «Торпедо» – 9,45 пайыз (72 гол, 762 соққы).

Ал түздегі және өз айдынындағы ойындарды қоса алғанда соққылардың өнімділігі жағынан «Барыс» үшінші орында тұр. Біздің жігіттер 9,93 пайыздық көрсеткішке ие. Яғни, 1750 соққының 174-і голға ұласты. Алымызда СКА мен «Йокерит». Санкт-Птеребургтің өрендерінің нәтижесі – 10,46 пайыз (187 гол, 1788 соққы). Финдердің межесі – 10,23 пайыз (175 гол, 1788 соққы).  

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ашық аспан астында - пианинолар

Аймақтар • Бүгін, 15:52

Медицина цифрландыруды таңдайды

Қазақстан • Бүгін, 10:16

Ашықтықтың артықшылығы көп

Аймақтар • Бүгін, 09:49

Құттықтаулар легі жалғасуда

Қазақстан • Бүгін, 09:46

Әлкей Марғұлан мұралары

Қазақстан • Бүгін, 09:42

Түлен түрткен түс

Аймақтар • Бүгін, 09:37

Сабыр түбі – сары алтын

Қоғам • Бүгін, 09:21

Құлманбетовтің қызыл алмалары

Аймақтар • Бүгін, 09:18

Қолқаны қапқан иістен құтыла ма?

Аймақтар • Бүгін, 09:16

Сырттан қаржы тарту қарқыны үдеді

Қазақстан • Бүгін, 09:14

Ұлы дала кеңістігіндегі абыздық

Қазақстан • Бүгін, 09:05

Сыр тарихымен сырласады

Аймақтар • Бүгін, 08:56

Тұғыры биік Тарбағатай

Аймақтар • Бүгін, 08:52

Арыстағы апат

Аймақтар • Бүгін, 08:39

Жан дүниемізді кірлетпейік

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ұқсас жаңалықтар