Olympic.kz қазақстандық спортшылардың әлем кубогі кезеңдеріндегі көрсеткішін саралап көрді.
Біздің спортшылар арасындағы ең жоғарғы нәтижені әзірге Абзал Әжіғалиев көрсетуде. Ол әлем кубогінің соңғы кезеңі алдында үздік бестікке еніп тұр. Айта кету керек, Абзал төрт рет өткен доданың екеуіне ғана қатыса алды. Калгари мен Алматыда үздіктер қатарына енген ол АҚШ-қа визаның уақытылы дайын болмауына байланысты барған жоқ. Ал Дрездендегі дода қарсаңында тобығын жарақаттап, қатардан шығып қалды. Оның Туриндегі бәсекеге қатысу-қатыспауы әлі белгісіз.
Сондай-ақ, спортшыларымыздың эстафетадағы аяқ алысы жаман емес. Әйелдер командасы бесінші, ерлер он бірінші сатыда, ал аралас эстафетада жетінші орындамыз.
500 метр, ерлер
5 орын – Абзал Әжіғалиев
11 орын – Денис Никиша
37 орын – Мерсаид Жақсыбаев
41 орын – Нұрберген Жұмағазиев
98 орын – Әділ Ғалиахметов
103 орын – Евгений Ребик
1000 метр, ерлер
23 орын – Еркебұлан Шамұханов
25 орын – Абзал Әжіғалиев
32 орын – Мерсаид Жақсыбаев
43 орын – Денис Никиша
78 орын – Нұртілек Қажығали
89 орын – Нұрберген Жұмағазиев
97 орын – Евгений Ребик
123 орын – Әділ Ғалиахметоы
1500 метр, ерлер
25 орын – Әділ Ғалиахметов
27 орын – Нұрберген Жұмағазиев
29 орын – Еркебұлан Шамұханов
33 орын – Мерсаид Жақсыбаев
72 орын – Нұртілек Қажығали
Эстафета (5000 метр) - 11 орын
500 метр, әйелдер
54 орын – Әсел Тайшыманова
66 орын – Яна Хан
71 орын – Ольга Тихонова
94 орын – Анастасия Крестова
1000 метр, әйелдер
24 орын – Әлия Ким
47 орын – Анастасия Крестова
62 орын – Әсел Тайшыманова
81 орын – Ольга Тихонова
94 орын – Яна Хан
1500 метр, әйелдер
13 орын – Анастасия Крестова
33 орын – Ольга Тихонова
39 орын – Әлия Ким
69 орын – Анита Нагай
Эстафета (3000 метр) – 5 орын
Аралас эстафета (2000 метр) – 7 орын