Депутаттармен бірге «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес және аудан әкімі Мұхтар Оразбаев бірқатар нысандарды аралады.
Халық қалаулылары алдымен «Қамбаш» олимпиада және қосымша білім беру орталығында болып, ұжымымен кездесті.
«Аралтұз» АҚ тұз өңдеу цехындағы тұзды өңдеу, қаптау, брикеттеу, тубус қорапшаларына салу, полиэтилен пакеттерін шығару жұмыстарымен танысты. Ұжыммен қызметкерлеріне ас тұзының маңыздылығын айта отырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Мәжілісмендердің келесі аялдаған жері қараша айында пайдалануға берілген 150 төсектік орталық аурухана болды. Жаңа құрал-жабдықтарды көріп, аудандағы денсаулық сақтау саласындағы жаңалықтарға қанық болды. Одан соң аурухана ішін аралап, емделушілермен және ақхалатты жандармен жүздесіп, пікір алмасты.
Содан кейін жаңадан салынған 27 коммуналдық бір пәтерлі тұрғын үйлердің жағдайымен танысып, тұрғындармен кездесті. Халық қалаулылары тұрғындарды жаңа қоныстарымен құттықтап, аулаларыңызды көгалдандырып, тұрғын үйлерді осы қалпында таза ұстау жөнінде пікірлерін жеткізді. Өз кезегінде тұрғындар да ризашылықтарын білдірді.
Жұмыс сапары №14 Н.Крупская атындағы мектеп-лицейінде жалғасты. Презентация арқылы мектеп тарихымен танысқан депутаттар, роботехника кабинетінде және заманауи құралдармен жабдықталған химия кабинетінде болып, оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен, сондай-ақ жасап жатқан тәжірибе жұмыстарына куә болды.