Қазақстан • 05 Ақпан, 2019

Елбасы Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ректорын қабылдады

853 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры Ескендір Бейсембетовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ректорын қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне университеттің даму перспективалары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері жөнінде мәлімет берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев оқу орнының отандық білім беру жүйесінде ерекше орын алатынын атап өтіп, индустрияландыру бағдарламасының талаптарына сәйкес жоғары білікті мамандар даярлаудың маңыздылығын айтты. 

– Қаныш Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университет – инженер маман даярлайтын ең ірі оқу орындарының бірі. Біз оны дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрін жасап келеміз. Университетке дербестік берілген. Сонымен қатар, бұл оқу ордасы зерттеу университетіне айналды, – деді Қазақстан Президенті.

Е.Бейсембетов қолданбалы жобаларды жүзеге асыру үшін қабылданып жатқан шараларды, сондай-ақ, әлемдік үрдістерді ескере отырып, білім беру сапасын арттыру үшін атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.