Күрес • 05 Ақпан, 2019

Күрестен Қазақстан чемпионатының алғашқы финалистері анықталды

87 реткөрсетілді

Шымкент қаласында күрес түрлері бойынша Қазақстан чемпионатының жалауы желбіреді. Бүгін ақтық сынға жолдама алған алғашқы балуандардың есімдері белгілі болды.

Грек-рим күресінен өткен жарыста 55 кило салмақ дәрежесінің бас жүлдесін Аманғали Бекболатов пен Қорлан Жақанша өзара сарапқа салатын болады. 60 кило салмақтың алтын медалі үшін Нұрболат Темірбеков пен Мейрамбек Айнағұлов айқасады. 74 кило салмақтағы шешуші бәсеке Демеу Жадыраев пен Ибрагим Магомадов арасында өтеді. 77 келі салмақта Асқат Ділмұхамедов пен Темірлан Шадукаев күш сынасады. 97 кило салмақ дәрежесінің теңдессізі Әлімхан Сыздықов пен Ерұлан Ысқақов арасындағы тартыста анықталады.

Біріккен күрес әлемінің (UWW) ережесіне сай финалдық сайыстар келесі күні өтеді. Алдағы күндері өзге салмақтардағы бәсекелерді тамашалаймыз. Одан кейін әйелдер күресі мен еркін күрес шеберлері жарыс көрігін қыздырады.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Аймақтар • Бүгін, 18:03

Ұқсас жаңалықтар