Қазақстан • 05 Ақпан, 2019

Ертең Астана оқушыларына сабақ болмайды

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының білім басқармасы Елорда мектептерде 6 ақпан күні сабақ болмайтынын хабарлады.

Ертең Астана оқушыларына сабақ болмайды

«06.02.2019 жылы ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші және екінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды» делінген басқарма хабарламасында.

Бұған дейін КазГидроМЕт Қазақстанның басым бөлігінде қар, бұрқасын, күшті жел, ал оңтүстік облыстарда тұман және көктайғақ күтілетінін айтқан болатын. Бірақ, қардан кейін Қазақстанға арктикалық ауа массалары таралып, республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында 35-45°С аяз тудыратын болады. Оңтүстік облыстарда да күн суытады. Мұнда ауа температурасы кей жерлерде минус 22-30°С дейін төмендейді.