Шымқаланы шырайландыру үшін жасалынған 32 жоба «Туған жер» арнайы жобасының «Атамекен» кіші бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған. Бұл мақсатта демеушілер мен меценаттар есебінен 1,6 млрд теңге бөлінген. Игі бастамалардың басында «Отау групп» ЖШС мен «Атамекен» корпорациясы тұр. Аталған мекеме мемлекет-жекеменшік әріптестік аясында құны 280 млн теңгені құрайтын, 110 орындық инклюзивті білім беру орталығын салып берді. Ал «Атамекен» корпорациясы 547 млн теңгені құрайтын 320 орындық балабақша құрлысына көмек көрсеткен.
Елбасының бағдарламалық мақаласындағы «Тәрбие және білім» бағыты бойынша Шымқалада 138 іс-шара ұйымдастырылып, қаладағы 94 мектепте робот-техникасы кабинеті ашылды. 164 мұғалім тиісті курста білімін жетілдірді. Сонымен қоса «Рухани қазына» бағдарламасы бойынша Шымкенттегі қасиетті, киелі орындар мен туристік маңызы бар ескерткіштерге, жалпы саны 18 нысанға QR кодтар орнатылды. «Отырар» кітапханасынан коворкинг орталығы ашылды. «Әдеби өлкетану» жобасы аясында түрлі конкурстар, кездесулер, айтыстар, ашық сабақтар, конференциялар мен семинарлар өткізіліп, кітаптар басып шығарылды.
Нұршат ТӨКЕН,
«Egemen Qazaqstan»
ШЫМКЕНТ