Аймақтар • 06 Ақпан, 2019

Аяздан қалай сақтану керек

1198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының нашарлауы туралы дер кезінде хабар алғанмен, кез келген адам қар құрсауында қалуы мүмкін.

Аяздан қалай сақтану керек

Астанадағы кезекті қолайсыз ауа райында жүргізушілер адамдарды тегін тасымалдап, кәсіпкерлер өз мекемелерінде тұрғындардың жылынуына жағдай жасауда.  Сонымен қатар, Астана қаласы ТЖД комитеті ауа райы болжамдарын мұқият қарауға шақырып, бірнеше ұсыныммен бөлісті. Өйткені әдетте, біздің азаматтарымыздың абайсыздығы немесе қауіпсіздік шаралары және қысқы жағдайда өзін-өзі құтқару ережелерін білмеуі материалдық шығындарға және тіпті адамдардың қаза болуына әкеп соқтыруы мүмкін.

  • Сіз автокөлікте келе жатқанда жел тұрып немесе боран соқса, тоқтау керек, тұрақты белгілеп, жарқын түсті матаны ілу керек. Машинаны жалюзимен толық жауып, радиатор жағынан қозғалтқышты бүркеңіз.
  • Машинаны желге қарай капотпен орналастырыңыз. Отынды үнемдеңіз, пешті үздіксіз қоспаңыз. Ылғал немесе қардың түсу қаупі кезінде есіктердің бірін үнемі жауып тұрыңыз, салонның ішінде қамалып қалмас үшін қарды жылжытып, тазалап тұрыңыз.
  • Егер сіздің автокөлігіңіз жолда сөніп қалса, үрейленбеңіз, жағдайды, бағдарларды, орналасқан жерін, елді мекенге дейінгі қашықтықты және т.б маңызды белгілерді жақсылап қарап алыңыз. Жүруге шешім қабылдаған жағдайда трассаны, асфальтты назарда ұстаңыз.

Естеріңізге сала кетейік, "Қазгидрометтің" ақпараты бойынша,  Астана аумағында 5 ақпаннан бастап қар жауып, боран соғады, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, 6-7 ақпанда түнде 37-39 градус аяз болады. Астана әкімі қала тұрғындарын бір-біріне мұқият болуға, мүмкіндігінше қатты аяз кезінде жаяу жүргіншілерді тасымалдауға шақырды.