Аймақтар • 06 Ақпан, 2019

Бұл – жастарға берілген үлкен мүмкіндік

736 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана төрінде өткен «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты Жастар жылы­ның­ ресми ашылу салтанатын І.Жан­сүгіров атындағы Жетісу мем­лекеттік университетінің оқыту­шылары мен студенттері тіке­лей эфир арқылы тамашалады. Алғаш­қы кезекте елге танымал, білімді, іскер, өз кәсібін жүргізіп жүрген жастардың жігерлі сөз­дерін естіп, олардың жас та болса атқарып жатқан үлкен істерімен танысып, қанаттана түстік.

Бұл – жастарға берілген үлкен мүмкіндік

Ал Елбасының сөзі бойымызға жігер беріп, патриоттық сезіміміз­ді ұштады. Біздің Қазақстан­ның болашағын қалайтын азаматтар екендігімізді тағы бір мәрте терең сезінуімізге жол ашты. Елбасы биылғы жылды – Жастар жылы деп жариялауы тегіннен-тегін емес. Бұл бізге берілген үлкен мүмкіндік. Біз тәуелсіз елдің ұрпағы Елбасы­ның салиқалы саясатын жүзеге асыру арқылы жастардың қолынан не келетінін дүниежүзіне танытуымыз керек. Олардың қолынан қандай іс келетінін сөзбен емес, іспен дәлелдеуіміз қажет. 

Елбасы бүгінгі жастарға қарата айт­қан сөзінде де елі­міз­дің көрікті жер­лері­нің бәрін аралағанын, әсіресе Ал­маты облысында мақтан тұтарлық жері­міздің көп екен­дігін атап өтті. Бізде Шарын шатқалы, Алтын­емел сынды өзге­лерге мақтанышпен көр­сететін табиғи байлығымыз жетер­лік. Соны қолжетімді етіп, туризмді дамыта білсек, еліміздің абы­ройы бұдан бетер арта түседі деп ой­лай­мын. Сондай-ақ Елбасы жаст­ар­ды сапалы білім алып, ғылымды дам­ы­туға, өркениет көшінен қалмай уақыт тала­бына сай адымдауға шақырды. Жас ға­лым­дарды қолдау мақсатында бөлінетін грант көлемін екі есе арттыруды тапсырды. Бұл бізге үлкен серпін берді.

Дамир ДИГАЙ, 

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ғылыми жаңалықтарды

 коммерцияландыру 

орталығының директоры

ТАЛДЫҚОРҒАН