Аймақтар • 06 Ақпан, 2019

Өскеменде жол полициясының көлігі қаққан әйел бүгін көз жұмды

718 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше сағат 10:30 шамасында Өскемендегі Тәуелсіздік даңғылы мен Стаханов көшесінің қиылысында жол көлік оқиғасы орын алып, Глубокое аудандық полиция бөлімшесінің қызметтік көлігі бағдаршамды жаяу жүргінші жолымен өтіп келе жатқан әйелді қағып кеткен болатын.

Өскеменде жол полициясының көлігі қаққан әйел бүгін көз жұмды

Облыстық полиция департаменті түрлі жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілгенін, жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК 345 бап 2 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлаған еді. Аталған департаменттің баспасөз қызметі бүгін таңғы мезгілде кеше ауруханаға жеткізілген жәбірленуші алған дене жарақатынан көз жұмғанын мәлімдеді. «Оқиғаға байланысты қажетті тергеу шараларының барлығы жүргізілуде. Бірнеше сараптама тағайындалды. Тергеу барысында жол көлік оқиғасының себеп-салдары нақтыланып, жиналған материалдар негізінде заңды шешім қабылданады» делінген департаменттің таратқан баспасөз хабарламасында.

Азамат ҚАСЫМ,

 «Egemen Qazaqstan»

ӨСКЕМЕН