Тарас мұражайы – достықтың ұйытқысы
Сенбі, 6 қазан 2012 7:15
Жергілікті қазақтар «Ақ Кетік» деп атайтын өңір ресми түрде укринхалқының ұлы ақыны Тарас Шевченконың құрметіне Форт-Шевченкоаталады. Бұл жерде, яғни Новопетровск бекінісінде 1850-1857 жылдарыайдауда болып, қазақ халқының өміріне етене араласып кеткен Тарасқажергілікті тұрғындардың ықыласы зор. Жуырда олар тәуелсіздікпен біргетүлеген Түпқараған ауданының 20 жылдығы аясында 1925 жылы ҚазақАвтономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы Халық КомиссарларКеңесі шығарған қаулы негізінде 1932 жылы ашылған Тарасмұражайының 80 жылдық мерейтойын атап өтті.
Сенбі, 6 қазан 2012 7:15
Жергілікті қазақтар «Ақ Кетік» деп атайтын өңір ресми түрде укринхалқының ұлы ақыны Тарас Шевченконың құрметіне Форт-Шевченкоаталады. Бұл жерде, яғни Новопетровск бекінісінде 1850-1857 жылдарыайдауда болып, қазақ халқының өміріне етене араласып кеткен Тарасқажергілікті тұрғындардың ықыласы зор. Жуырда олар тәуелсіздікпен біргетүлеген Түпқараған ауданының 20 жылдығы аясында 1925 жылы ҚазақАвтономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы Халық КомиссарларКеңесі шығарған қаулы негізінде 1932 жылы ашылған Тарасмұражайының 80 жылдық мерейтойын атап өтті.
Бекініс коменданты И.А.Усков 1853 жылы салдырған жазғы үйде, ақынның өзі отырғызған тал-ағаштары мәуелеген бақта ашылған мұражай Маңғыстаудағы алғашқы, Т.Шевченконың әлемдік деңгейдегі екінші мұражайы болды. Ал осындағы мүсін Т.Шевченкоға арналған әлемдегі ең алғашқы ескерткіш екен. Мұражайға кобзарьдың күнделіктері, суреттері, автопортреттерінің көшірмелері, туған елінен әкелінген көптеген құжаттар қойылды. Е.Өмірбаев, Қ.Сыдиықов секілді жанашыр азаматтардың зерттеу, жаңғыртуы нәтижесінде мұражай біраз көтеріліп, алыстағы украин елімен арада тығыз қатынас орнайды. Мұражай бүгінде Фортқа келген қонақтардың қызыға тамашалап, демалатын тарихи орыны.
Мұражайдың мерейтойына Украинаның Қазақстандағы елшісі Олег Демин, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне Қазақстан Халқы Ассамблеясынан сайланған депутат Ю.Тиощенко, Украинаның Черкасск облысынан ресми өкілдер мен өнерпаздар, еліміздің Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Қостанай облыстарынан этно-мәдени орталықтары өкілдері қатысты. О.Демин қазақ халқының Т.Шевченкоға деген пейіліне ризашылығын «Кезінде орыс патшасы Тарасты мұқату, нақтырақ айтсақ ауызын жауып, өзін ұмыттыру мақсатында ел құлағы естімеген жапан далаға айдады. Бірақ, оның қателескеніне бүгінде біз куәміз. Керісінше, Тарастың шығармашылығындағы жемісті кезеңдер осы Маңғыстауда өтті. Бауырмал қазақ халқы Тарасты бір баласындай бауырына тартты. Оның атын ұмыттырмай, тарихпен бірге алып келеді және одан қалған әрбір мұраны қастер тұтады. Сондықтан қасиетті Маңғыстау украин халқы үшін ерекше өңір» деп тебірене жеткізді.
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған сәтте оны бұрынғы Кеңес Одағы елдері арасында алғашқы боп танығандардың бірі Украина – бүгінде Қазақстанның сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық бағыттағы серіктесі. Елбасы Н.Назарбаев Жарлығымен 2008 жылдың «Қазақстандағы Украина жылы» боп аталып өтуінің өзі екі ел арасынадғы селкеусіз достық пен сенімді байланыстың айғағы. Украина ұлттық мәдениетінің символы Тарас қазақ халқының құрметіне бөленсе, қазақтың Гомері Жамбыл украиналықтардың ықыласына ие. Өйткені, 2005 жылы Синельников қаласында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан Жамбылдың ұлы – 19-шы жеке атты әскер корпусының жауынгері Алғадайға ескерткіш орнатылды.
Осы достық Кетіктегі мұражай мерейтойын асқақтатып әкетті. Халықаралық фольклор фестивалінде еліміздегі этно-мәдени орталықтардың өнер ұжымдары – Атыраудан «Довера», Ақтөбеден «Оксана», Ақтаудан «Альтаир», «Смеричка» ұжымдары қазақ және укрин тілінде ән шырқап, би билесе, Черкасскіден келген «Вербена» бандуристер триосы, Маңғыстаудың «Ақжармасы» әдемі өнерлерін ортаға салды.
Болашақта Маңғыстау мен Украинаның арасындағы мәдени-экономикалық байланыстар тереңдей бермек. Ал достық біріктірген екі ел қазір 2014 жылғы Т.Шевченконың 200 жылдық мерейтойына дайындықты бастап кетті.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы,
Түпқараған ауданы.