Аймақтар • 06 Ақпан, 2019

Үсік шалу салдарынан медициналық ұйымдарға 14 адам жүгінген

1277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шағымданушылардың төртеуі – балалар. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үсік шалу салдарынан медициналық ұйымдарға 14 адам жүгінген

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы елордадағы төмен ауа температурасы салдарынан медициналық көмек алу үшін медициналық ұйымдарға жүгінген азаматтар жөніндегі ақпаратты ұсынады.

«6 ақпандағы жағдайға сәйкес Астанадағы төмен ауа температура салдарынан медициналық көмек алу үшін денесін үсік шалған 14 адам медициналық ұйымдарға жүгінді» делінген басқарманың хабарламасында. Көмекке жүгінгендердің 10-ы – ересек адамдар, 4-і – балалар.

2017 жылы туған бір бала №2 қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Баланың жағдайы ауырлығы орташа деп бағаланып отыр. Үсік шалудың жеңіл деңгейіне байланысты қалған азаматтар тұрғылықты мекенжайы бойынша амбулаторлық ем қабылдайтын болады. «Дәрігерлер мен мамандардың жедел әрекеті мен ұйымдасқан жұмысының арқасында көмекке жүгінген азаматтардың барлығына медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп, үсік шалудың ауыр салдары мен асқынуына жол берілген жоқ» деп мәлімдеді басқармада. Үсік шалудан болған өлім оқиғасы тіркелген жоқ.