Министр Қасымбек Үкімет отырысында Air Astana-мен бірге әлемнің ірі қалаларына рейстер ұшатынын айтты:
«Біз Air Astana компаниясымен Токиоға, Нью-Йоркке, Шанхайға және әлемнің басқа да ірі қалаларына тікелей рейстер ашамыз. Бүгінде біз Жапониямен келісімге қол қойдық. Биылғы жылы біз АҚШ-та ұшу үшін аккредиттеу рәсімін бастаймыз. Төрт ірі бағыт бойынша рейстер ашуды жоспарлап отырмыз».
Жеңіс Қасымбек 30 Қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген Президенттің тапсырмасы бойынша жұмыс істейтінін еске салды, сондықтан АҚШ пен Жапонияға тікелей рейстерді іске қосу ерекше бақылауда тұр.