Қазақстан • 06 Ақпан, 2019

Әлемдегі жүрекке инновациялық құрылғы орнату отасы Қазақстанда алғаш рет жасалды

487 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандық кардиохирургтер командасы Чехия, Израиль, Италия және АҚШ серіктестерімен бірлесіп сымсыз қосалқы қанайналым құрылғысын имплантациялау бойынша бірегей операцияны сәтті өткізді. Бұл туралы КазТаг хабарлады. 

Әлемдегі жүрекке инновациялық құрылғы орнату отасы Қазақстанда алғаш рет жасалды

Жүректің сол жақ қарыншасының көмекші құрылғысы адамға еркін қозғалуға мүмкіндік береді. Себебі сыртқа ешқандай кабельдер шығып тұрмайды. Бұл бірқатар асқынуды болдырмайды және өмір сүру сапасын едәуір жақсартады. Айта кету керек, бұл жағдай кардиохирургиялық тәжірибеде алғаш рет болып, әлемдегі бірегей және жалғыз оқиға болды», - деді «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Юрий Пя.

Толығымен имплантацияланатын құрылғы (FIVAD) - пациенттерге сыртқы қуат көзіне тікелей қосылмаған, өмір сүруге мүмкіндік беретін әлемдегі алғашқы көмекші құрылғы. Инновациялық құрылғы Израильде жасалған. Оның қызметі кәдімгідей кардиостимулятормен бірдей. Бірақ ешқандай сымдары жоқ. Соның арқасында еркін қозғалып, саламатты өмір салтын ұстануға толық мүмкіндік бар.

«FIVAD жүрек функциясының жетіспеушілігінің терминалдық сатысын емдеуде парадигма мен тәсілдерді өзгертуде үлкен перспективаға ие. Біз бұл серпінді технологиялық жетістікті ұсынуға қуаныштымыз, ол емделушілерге хирургиялық араласудан кейін толыққанды және сапалы өмір сүруге мүмкіндік береді», - деді Юрий Владимирович.

Айта кетсек, Leviticus Cardio Ltd компаниясы FIVAD үшін сымсыз қоректену технологиясының өнертапқышы, оның клиникалық қолданылуын кеңейтуді, тәуекелдерді азайтуды және соңғы сатыда жүрек жетіспеушілігін емдеу сапасын арттыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, бұл жаңашылдық терапия ауқымын кеңейтіп, өз кезегінде донорлардың жетіспеушілігімен шектелген жүрек трансплантациясына баламалы технологиялық балама ұсына алады.