06 Ақпан, 2019

Сноубордтан әлем чемпионаты: Зуев іріктеуден өткен жоқ

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Парк-Сити қаласында өтіп жатқан фристайл мен сноубордтан әлем чемпионатында гигантты слалом бәсекесі аяқталды деп жазады Olympic.kz. 

Сноубордтан әлем чемпионаты: Зуев іріктеуден өткен жоқ

Аталған сында Қазақстан атынан шыққан Владислав Зуев жарысты 42-ші орынмен аяқтап, іріктеуден өте алмады.

Ал тағы бір қазақстандық спортшы Роллан Садықов мәреге жеткен жоқ. 

Бұл сында ресейлік Дмитрий Логинов чемпион атанды. Күміс жүлде словакиялық Тим Мастнактың еншісінде.

Үздік үштікті неміс спортшысы Штефан Баумейстер қорытындылады.